Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровтың (24-0, 17 КО) келесі қарсыласы анықталды, деп жазады Prosports.kz.

Boxrec.com порталының мәліметінше, 31 жастағы қазақстандық 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда шаршы алаңға шығады. Қарсыласы - 39 жастағы мысырлық боксшы Абдумонем Саид (22-1-1, 11 КО). Саид бірінші орта салмақта өз елінің чемпионы. Ол бұл атақты 2020 жылы 26 ​​желтоқсанда жеңіп алған.

Ал Жаңқош Тұраров кейінгі жекпе-жегін 2019 жылы 6 шілдеде өкізді. Нұр-Сұлтанда өткен бокс кешінде ол үшінші раундта аргентиналық Мауро Максимилиано Годойды (34-6-1, 17 КО) нокаутқа түсіріп, WBO құрлықаралық чемпионы атағын жеңіп алды.

Тұраров – Саид жекпе-жегі жартылай орта салмақ дәрежесінде өтеді.

Айта кетейік, бұл кеште Данияр Елеусінов, Иван Дычко, Ержан Зәлілов пен Ескендір Харсан жекпе-жек өткізеді.