Халықаралық футбол тарихы мен статистика федерациясы (IHHFS) 2021 жылдың қорытындысы бойынша үздік футболшыны анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

IHHFS рейтингінде бірінші орынды «Бавария» мен Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски еншіледі, ол 150 ұпай жинады.

Екінші орында — ПСЖ форварды Лионель Месси, 105 ұпай еншіледі, үшінші орынды «Челси» жартылай қорғаушысы Жоржиньо алды (40 ұпай). «Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Криштиану Роналду 15 ұпаймен жетінші орын алды.

Еске салайық, бұған дейін Левандовски Tuttosport нұсқасы бойынша Еуропаның үздік футболшысы атанған болатын.