Алматылық «Айсұлу» Еуропа әйелдер хоккей лигасы (EWHL) тұрақты маусымы аясында польшалық «Катовицеге» қарсы екінші матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық команда қарсыласын 4:3 есебімен жеңді.

«Айсұлу» 9 матчтан кейін 24 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орында келеді.

Еске салайық, бұған дейін «Айсұлу» «Катовицеден» 2:3 есебімен жеңілген болатын.

«Айсұлу» (Алматы, Қазақстан) – «Катовице» (Польша) 4:3 (3:1, 0:1, 1:1)1:0 – Алдабергенова (Королева, Әшімова) – 09:552:0 – Әшімова (Олжабаева) – 11:54 3:0 – Куценко (Риу) – 14:19 3:1 – Чарнецка (Ласкавска, Позневска) – 19:45 3:2 – Онищенко (Стржелецка, Лапиес) – 36:524:2 – Сенгер (Свиридова) – 53:284:3 – Онищенко (Лапиес) – 53:52Қақпашылар: Щеколова – Косиньска-Хорзельска

Фото vk.com/whc_aisulu