«Қайрат» АФК ойыншысы Біржан Оразов клубтың баспасөз қызметіне берген видеосұхбатында команданың УЕФА Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіне дайындық барысы туралы айтты, деп жазады Prosports.kz.

– Команданың дайындығы өте жақсы жүріп жатыр. Ұжымдық және жеке жаттығулар қарқынды өтеді. Жаттықтырушылар қарсыластарымызды зерттеп жатыр, алда олардың ойындарының видеожазбасын қараймыз.

- «Қайраттың» Чемпиондар лигасы элиталық кезеңіндегі мақсаты қандай?- Әрине, біз Еуропадағы ең үздік клубтардың біріміз, сондықтан алдымызға биік мақсаттар қоямыз. Төрттік финалға шығуды көздеп отырмыз.

«Қайрат» АФК Чемпиондар лигасы элиталық кезеңінің А тобында ресейлік «Тюмень», франциялық «Аньер-Вильнев» және беларусьтік «Витэнмен» бірге бақ сынайды. Матчтар 2-5 желтоқсанда ресейлік клубтың алаңында өтеді.