Швецияның Идре қаласында биатлоннан IBU кубогы өтіп жатыр. Қазақстандық спортшылардың нәтижесін назарларыңызға ұсынамыз

10 шақырымға созылған спринт жарысында Қазақстан сапынан ең жоғарғы нәтижесі Әсет Дүйсенов тіркеді. Ол 65-ші нәтиже көрсетті.

Бекентай Тұрлыбеков 92-ші, Владимир Еремин 111-ші орын алды.

Ал Максим Браун жарысты аяқтай алған жоқ.