Теннистен Қазақстан ерлер құрамасы Мадридте Дэвис кубогы негізі жарысының топтық кезеңіндегі алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу Швецияға қарсы өтті. Алғашқы текетіресте Михаил Кукушкин мен Элиас Имер кездесіп, қазақстандық теннисші 3:6, 6:7 есебімен жеңіліп қалды.

Ал екінші матчта Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик есепті теңестірді. Ол швециялық Микаэль Имерді 3:6, 6:4, 6:0 есебімен жеңді.

Ал шешуші матчта Андрей Голубев/Александр Недовесов жұбы Андре Горанссон/Роберт Линдстедт дуэтімен кездесті. Матч қазақстандық дуэттің 6:3, 6:3 есебімен сенімді жеңісімен аяқталды.

Ертең Қазақстан құрамасы Канадамен кездеседі.

Фото: Андрей Ударцев