Қазақстандық файтер Артем Резников греплингтен келесі жекпе-жегін жаңа жылдың басында өткізуі мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Артем Резников Naiza Fighting Championship лигасының 35-ші турнирінде ресейлік Мариф Пираевпен кездесуі қажет еді. Алайда жарақат алуына байланысты айқас кейінге қалды. Қос спортшы ұйымның қаңтар айында өтетін турнирінде кездеседі.

Еске салайық, бұған дейін Резников Absolute Championship Akhmat лигасынан кететінін хабарлаған, себебі промоушен қазақстандықпен келіспей, ол ресейлік Юсуф Раисовпен кездесуге шығатынын мәлім еткен еді.