Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (14-0) UFC аясында мозамбиктік Карлстон Харриске (17-4) қарсы жекпе-жектің өтетін орнын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рахмонов Instagram парақшасында «Stories» бөлімінде жазғандай, оның алдағы жекпе-жегі 2022 жылдың 5 ақпанында Лас-Вегастағы турнирде өтеді. Бұған дейін тараптар келісімшартқа қол қойған.

Айта кетейік, Шавкат үшін алдағы жекпе-жек UFC-дегі үшінші болмақ, алдыңғы екеуінде ол бразилиялық спортшылар Алекс Оливейра мен Мишель Празеристі жеңді.

Сондай-ақ Харрис те UFC-де екі кездесу өткізіп, екеуіңде де мерзімінен бұрын жеңген.