Қазақстандық боксшы Айдар Шәрібаев (8-1) Нұр-Сұлтандағы бокс кешінде жұдырықтасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

boxrec.com порталының хабарлауынша, ол Ресей өкілі, Қырғызстанның тумасы Шохрух Әбдиевпен (9-2-1, 3 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек форматы алты раундтан тұрады.

Шәрібаев соңғы жекпе-жегін бір жыл бұрын өткізген. Онда ол өзбек Шовкат Халиловты бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді (7-5, 1 КО).