Нидерландтың Дордрехт қаласында шорт-тректен әлем кубогының соңғы, төртінші кезеңі өтуде. Алғашқы жарыс күнінде қазақстандықтар финалға шыға алған жоқ деп хабарлайды Olympic.kz.

1500 метрге жарысудан әйелдер арасындағы сында Ольга Тихонова 1/4, Мадина Жанбосынова мен Әлия Әмірғалиева 1/8 айналымда ұтылды.

Ерлер арасындағы сында Еркебұлан Шамұханов, Мерсаид Жақсыбаев және Нұртілек Қажығали сынға түсіп, ширек финалдан аса алмады.

Аталған қашықтықта Бейжіңде өткен әлем кубогі кезеңінде күміс алған Әділ Ғалиахметов жарыс жолына шыққан жоқ.