Аралас жекпе-жектен NFC 35 турнирі қарсаңында оның қатысушылары Алматыдағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде ашық оқу-жаттығу жиынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Naiza Fighting Championship лигасының Youtube арнасы осы жаттығу қысқаша бейнерепортаж дайындады.

NFC 35 турнирі 26 қарашада Алматыда өтеді. Кештің басты оқиғасы Николай Самусев (7-0) мен Райымбек Орынбай (6-2) арасындағы жеңіл салмақтағы NFC титулы үшін жекпе-жек болмақ.