25 қарашада елордалық «Барыс» өз айдынында нижегородскілік «Торпедоны» қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Торпедо» кейінгі матчында уфалық «Салават Юлаевты» жеңіп, Батыс Конференциясының турнир кестесінде 8-орынға көтерілген. Нұр-Сұлтанда жеңіске жетсе, бір сатыға жоғарылауға мүмкіндігі бар.

Ал «Барыс» кейінгі екі кездесуінде жеңіске жетсе де, плэй-офф аймағына жеткен жоқ. Қазақстандық командаға әр матчта ұпай қажет.

«Барыс» – «Торпедо» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 19:20-да басталады, оны мына СІЛТЕМЕДЕН көруге болады.

Фото hcbarys.kz