«Қайрат» ел чемпионы атанған «Тобылдың» ойыншысы Алекса Амановичке қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы KazFootball хабарлады.

Қостанайлық клубтың бірнеше ойыншысының келісімшарты аяқталған, оның ішінде македониялық Алекса Аманович те бар. Бірақ ел чемпионы оған жаңа келісімшарт ұсынбақ.

Аманович «Тобыл» сапында 2020 жылдан бері ойнайды. 2021 жылғы маусымда Қазақстан чемпионатында 24 матч өткізіп, үш гол соққан.

Футболшыға «Қайраттан» ұсыныс түскен. Бірақ Аманович әлі шешім қабылдаған жоқ. ekipa.mk таратқан ақпаратқа сенсек, «Тобыл» ойыншысын командада қалдырмақ ниетті.