«Қайрат» шабуылшысы Вагнер Лавтің агенті Эвандро Феррейра бразилиялық футболшы Ресейге оралуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі sport24.ru сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін 37 жастағы Вагнер қазақстандық клубтан кететіні хабарланған. Форвард «Қайратқа» былтыр маусымда ауысып, 24 гол соққан.

«Вагнер қайда ауысатынын әлі шешкен жоқ. Ресейге, ЦСКА-ға оралу ма? Бәрі мүмкін. Кез келген нәрсе болуы мүмкін», — деді Феррейра Sport24 журналисі Денис Николаевқа.