Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет (4-1) доминикандық Хуан Карлос Абреуден (24-6-1, 22 КО) нокаутпен жеңілгеннен кейін WBC-нің бірінші орта салмақтағы рейтингінен шығып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кездесуде Құлахмет бірінші орта салмақтағы WBC International титулынан айырылды. Бұған дейін ол бұл рейтингте 18-орында тұрған. Оны жеңген Абреу 22-орынға көтерілді.