Бүгін, 24 қарашада «Қайрат» U-19 жасөспірімдер құрамасы УЕФА Жастар лигасы аясында «Жилина» U-19 командасымен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч Т.С. Сегізбаев атындағы Академияның стадионында өтеді. Академияның стадионы бірінші санатты болғандықтан, матчқа көрермендер кіре алмайды (Академия тәрбиеленушілері мен қызметкерлеріне ғана рұқсат етілген).

Матч 15:00-де басталады. Тікелей трансляция «Қайраттың» ресми сайтында қолжетімді болады.