11 желтоқсанда Алматыда бокс кеші өтеді, оның басты жекпе-жегінде аса ауыр салмақтағы қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев (3-0, 3 КО) Ұлыбритания өкілі Стивен Уордпен (13-1, 4 КО) жұдырықтасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жекпе-жекте WBA Gold нұсқасы бойынша ауыр салмақтағы чемпиондық белбеу сарапқа салынады.

Уорд өзінің Instagram желісінде жекпе-жекке дайындалып жатқан сәтінің видеосын жариялады. Стивеннің жаттығулары Англияның Манчестер қаласында өтіп жатыр.

Айта кетейік, 11 желтоқсанда Алматыда өтетін бокс шоуы аясында тағы бірқатар отандық және шетелдік боксшылар шаршы алаңға шығады.