«ПСЖ» клубының испаниялық қорғаушысы Серхио Рамос алғаш рет өз клубының матчқа қатысу өтініміне енгізілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

35 жастағы футболшы осы аптада Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі «Манчестер Ситиге» қарсы ойынға қатысуы мүмкін. Серхио матчқа қатысатын футболшылар тізіміне енеді деп күтілуде.

Сонымен қатар, жиынға команданың соңғы жаттығуын өткізіп алған шабуылшы Килиан Мбаппе де қатысуы керек.

Естеріңізге сала кетейік, Рамос француз грандының қатарына өткен жазда «Реалдан» еркін агент мәртебесінде ауысқан болатын. Трансферден кейін футболшы жарақатына байланысты әлі бірде-бір кездесу өткізген жоқ