«Барыста» өнер көрсететін Қазақстан құрамасыынң қорғаушысы Даррен Диц командадан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық клуб басшылығы 28 жастағы қорғаушының ойынына көңілі толмай отыр. Бұған дейін ол капитандық белгіден айырылды. Бас бапкер Юрий Михайлистің айтуынша, мұндай шешімді «Барыс» басшылығы қабылдаған.

Диц «Северстальға» қарсы матчқа қатыспады. Сондай ақ, бүгін минсктік «Диномомен» ойынға шығатын хоккейшілер тізіміне енбеді.

Ойыншыға басты үміткерлердің бірі – қазандық «Ақ Барс» командасы.

Еске салайық, 100 миллион рубль жалақысы бар Диц - ҚХЛ-дағы ең көп жалақы алатын ойыншы. Осы маусымда Диц 29 матч өткізіп, 20 (9+11) ұпай жинады.

Диц 2017 жылдан бері елордалық клуб жейдесінде ойнайды. Осы жылы Қазақстан құрамасы сапында хоккейден әлем чемпионатына қатысты.