Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) жартылай орта салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жектегі қарсыласын білді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елеусінов Инстаграмда алдағы кездесудің афишасын жариялады. Қазақстандық боксшы «Жынды» лақапатымен танылған мексикалық Данте Хардонмен (34-7, 25 КО) жұдырықтасады.

Данте Хардон жартылай орта дивизионда IBO тұжырымы бойынша интерконтинент чемпионы саналады.

Ал Данияр Елеусіновте қазір IBF тұжырымы бойынша интерконтинент чемпиондық белбеуі бар.

Фото instagram.com/yeleussinovdaniyar