UFC ұйымында өнер көрсетіп жүрген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов ең танымал промоушен аясында мозамбиктік Карлстон Харриспен (17-4) жекпе-жек өткізу туралы келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шавкат Instagram парақшасында жанкүйерлеріне арнаған жазбасын жариялады.

«Ассаламуағалейкүм! Бұйыртса 2022 жылдың 5-ші ақпанына келісімшартқа қол қойылды», - деп жазды спортшы.

Еске салайық, Рахмонов UFC аясындағы соңғы жекпе-жегінде 2021 жылы маусымда бразилиялық боксшы Мишель Прарезиспен кездескен болатын. Жекпе-жек үш раундқа есептелген, бірақ екінші раундта Шавкаттың жеңісімен аяқталды.