Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев танымал әзілкеш Нұрлан Сабуровпен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz .

Қоңқабаев Instagram парақшасында кездесуден фото жариялады. Қазақстандықтар Bupas Gym залында бірге жаттығу өткізді.

- Әзіл әлемінде баршаңызға аты танымал отандасымыз Нұрлан Сабуров бауырымызбен жаттығудан кейінгі естелік сурет, - деп жазды боксшы.