«Реал Мадридтің» бұрынғы бас бапкері Зинедин Зидан «Манчестер Юнайтедті» жаттықтыруды жоспарлап отырған жоқ, деп жазады Prosports.kz.

«МЮ» Уле-Гуннар Сульшерді қызметінен босатқаннан кейін, оның орнына басты үміткер ретінде Зиданның аты аталған. Алайда француз манының әйелі Манчестерге көшуге қарсы болып отыр.

Сонымен қатар Зидан болашақта «ПСЖ» тізгінін ұстауға ниетті. Париждік клуб та Зиданға қызығушылық танытып отыр.

Айта кетейік, Зидан өткен маусымның соңында «Реалдан» кетті.