Қазақстандық Екатерина Шабалина триатлоннан Африка кубогының спринт жарысында қола медаль еншіледі, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Қазақпаратқа» сілтеме жасап.

Кеше Дахлада (Марокко) триатлоннан Африка кубогының спринтерлік жарыс өтті. Оған 15 елден 37 триатлоншы қатысты.

«Қазақстанның жалғыз өкілі Екатерина Шабалина 01:01:34 уақытымен қола медаль жеңіп алды. Бірінші және екінші орынды жапониялық Минори Икено (01:00:57) мен Чисато Накаджима (01:01:12) иеленді», — деді триатлоннан аға бапкері Мұрат Әубәкіров.