Норвегияда конькимен жүгіруден әлем кубогінің соңғы жарыс күні өтіп жатыр. Қазақстандықтар В тобында сынға түсуде деп жазады Olympic.kz.

500 метрге жүгіруден В тобындағы сында Иван Аржаников 16-шы, Евгений Кошкин 22-ші, Артур Галиев 28-ші орын алды.

1500 метрге жүгіруден В тобындағы бәсекеде Дмитрий Морозова екінші орын иеленсе, Виталий Щиголев 19-шы, Денис Кузин 27-ші, Демьян Гаврилов 33-ші орыннан көрінді.