Швейцарияда шпагамен семсерлесуден әлем кубогі кезеңі жалғасуда. Бүгін командалық жарыс өтіп жатыр деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан командасы турнирдің 1/8 айналымына шықты. Чехиямен өткен кездесуде біздің спортшылар 45:35 есебімен жеңіске жетті.

Келесі айналымда қазақстандықтар Украинамен кездеседі.