Қазақстандық «Барыс» ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында Череповецтің «Серверсталь» командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Череповецте өткен кездесудің негізгі уақыты 3:3 есебімен аяқталды.

Елордалық команда сапында Кирилл Савицкий, Роман Старченко мен Олле Альсинг қанжығасын майлады. Ал овертаймда шешуші шайбаны «Барыс» форварды Кертис Волк соқты.

Осылайша, «Барыс» 4 матч қатарынан жеңілістен кейін жеңіске жетіп, Шығыс Конференциясында 26 ұпаймен 10-орында тұр.

«Северсталь» (Череповец, Ресей) — «Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) 3:4 ОТ (2:1, 1:1, 0:1, 0:1)

Шайбалар:0:1 - Савицкий (Орехов, Савченко) - 02:171:1 - Лишка (Хохлов, Гераськин) - 11:242:1 - Емец (Казаков) - 19:512:2 - Старченко (Куник, Савченко) - 21:443:2 - Колмыков (Казаков) - 24:363:3 - Альсинг (Асетов, Данияр См.) - 48:563:4 - Волк (Старченко) - 63:15

Қақпашылар: Шугаев — Ортио