Токиода өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Сербияның Белград қаласында өткен әлем чемпионатында алтын медаль иеленген Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасында алтын алуға уәде берді.

- Олимпиадада 52, әлем чемпионатында 51 келі болды. Сол салмақты ұстаймын. Келесі жылы үлкен жарыстардың бірі – Азия ойындары. Сонда алтын алсам деген мақсатым бар. 2023 әлем біріншілігі Ташкентте өтеді.

Соған қатысып, екі дүркін әлем чемпионы болуды армандап жүрмін. Ал, 2024 Париж олимпиадасы келеді. «Токиодағы қоламды, Парижде алтынға айырбастаймын» деп жоспарлап отырмын. Кейіннен бапкеріммен ақылдасып, кәсіпқой боксқа ауысамын деген ойым бар.