Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) 20 қарашада Лас-Вегаста өтетін жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді, деп жазады Prosports.kz.

Жерлесіміздің қарсыласы орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы, француз Хассан Ндам Нжикам (38-5, 21 КО) болады.

Екі қарсылас да орта дивизионның салмақ шегін орындады (160 фунт/72,57 кг). Жәнібектің салмағы 72,48 келі болса, қарсыласы таразыда 71,93 келіні көрсетті.