Қазақстан футбол федерациясы БАҚ-та тараған Бас хатшы Азамат Айтхожиннің қызметінен кетуі мүмкін деген ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасады.

«Бірнеше баспасөз беттерінде ҚФФ Бас хатшысы Азамат Айтхожин қызметінен кетеді деген ақпарат тарады.

Қазақстан футбол федерациясы бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдейді. Азамат Айтхожин қалыпты жағдайда жұмысын одан әрі жалғастыра бермек.

ҚФФ баспасөз қызметі тек ресми ақпаратқа сүйенулеріңізді өтінеді. Біздің ресми сайтымыз бен әлеуметтік желілеріміздегі ақпараттарды қадағалай жүріңіздер», делінген мәлімдемеде.