20 қарашада Лас-Вегаста өтетін бокс кешінде қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) өнер көрсетеді, деп жазады Prosports.kz.

Жерлесіміздің қарсыласы орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы, француз Хассан Ндам Нжикам (38-5, 21 КО) болады. Баспасөз мәслихаты барысында Әлімханұлы мен Нжикам алғаш рет бетпе-бет кездесіп, көз түйістірді.