Халықаралық бокс федерациясы (IBF) рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші орта салмақта Айдос Ербосынұлы төртінші орында қалды. Алғашқы екі орын бос, үшінші орында ресейлік Евгений Шведенко тұр. Бұл дивизионда IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы - мексикалық Сауль «Канело» Альварес.

Бұл ұйымның орта салмақтағы чемпионы атағы қазір Геннадий Головкинде. Орта салмақтағы қазақстандық боксшылар жаңа рейтингіде бұрынғы орнында қалды: Жәнібек Әлімханұлы – тоғызыншы, Мейірім Нұрсұлтанов – оныншы, Қанат Ислам – 13-орында. Алғашқы екі орын бос, үшінші орында неміс Патрик Войчицки.

Жартылай орта дивизионда Данияр Елеусіновтің позициясы өзгерген жоқ. Ол әлі де 14-орында. ТОП-3-ке Кудратилло Абдукахоров (Өзбекстан), Шон Портер және Джерон Эннис (екеуі де – АҚШ) кіреді. Бұл салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы - америкалық Эррол Спенс.

Бірінші жартылай орта салмақта 13-орында болған Батыр Жүкембаев рейтингінен шығып қалды.