ПСЖ шабуылшысы, «Барселонаның» бұрынғы ойыншысы Лионель Месси Goal.com порталының нұсқасы бойынша 2021 жылдың үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі sport-express.ru сайтына сілтеме жасап.

Жеңімпаз оқырмандар арасындағы сауалнамадан кейін анықталды. Екінші орынды «Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Криштиану Роналду иеленді, ал үздік үштікті «Бавария» форварды Роберт Левандовски түйіндеді.

Әлемнің үздік футболшысын анықтауға бүкіл елдің жанкүйері қатысқан. 14 миллионнан аса дауыс беріліпті.