Бангладеште өтіп жатқан садақ атудан Азия чемпионатында Қазақстан командасының қоржынына алғашқы медаль түсті деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Классикалық садақ атудан командалық жарыста Қазақстан қыздар командасы қола жүлдегер атанды.

Роксана Юнусова, Виктория Лян және Диана Макарчук үштігі кіші финалда Үндістан командасымен кездесіп, 220:208 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, құрлық додасының қола медалін еншілеп отыр.

Ал ерлер арасындағы сында Санжар Мұсаев, Ильфат Абдуллин және Дәулеткелді Жаңбырбай Бангладеш командасына 2:6 есебімен жол берді.