Мексикалық Сауль «Канелоның» бапкері Альварес Эдди Рейносо өз шәкіртінің Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жегін Мексикада көргісі келетіні туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен Канелоның Головкинмен Мексикада жұдырықтасқанын қалаймын. Бұл жанкүйерлер көргісі келетін жекпе-жекті өз елімізде өткізгеннен артық не бар.

Мен трилогияның Гвадалахара немесе Мехико қаласында өткенін құп көремін. Бұл идеяны қолдауы үшін үкіметпен логистикалық мәселені талқылағанымыз дұрыс болар еді», - деді маман Reinoso elfildeo.com сайтына берген сұқбатында.

Головкин мен Альварес арасындағы алғашқы екі жекпе-жек Лас-Вегаста өтті. Бірінші жекпе-жек тең аяқталса, екіншісінде мексикалық шешіммен жеңіске жетті.