Орта салмақтағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) француз Хассан Н'Даму Н'Жикаммен (38-5-0, 21 КО) алдағы жекпе-жек туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақ пен француз арасындағы жекпе-жек 20 қарашада өтеді.

«Н'Жикам - жақсы боксшы, ол бұрынғы әлем чемпионы, мен оны құрметтеймін», - деді Әлімханұлы. - Талай танымал боксшымен жұдырықтасты, бірақ мен ерекше қарсыласпын, мұны бәрі біледі.

Qazaq Style - әлемдегі ең үздік стиль. Бұл менің мансабымдағы ең оңай жекпе-жек болады. Орта салмақта бір ғана король бар, ол менмін.

Мен Джермалл Чарло, Деметриус Андраде, Муратаны нокаутқа түсіргім келеді. Жақын арада оған да қол жеткіземін», - деді Әлімханұлы.