Футболдан Қазақстан құрамасы жолдастық кездесуде Тәжікстанді 1:0 есебімен жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Осы ойындағы жалғаз голды Бактиер Зайнутдинов 12-минутта соқты.

Бұл ЦСКА сапында доп тебетін отандасымыздың Қазақстан құрамасы сапындағы тоғызыншы голы болатын.

Осылайша, ол Қазақстан құрамасы тарихындағы сұрмергендер тізімінде үшінші орынға жайғасты. Ол тоғыз голды 19 матчта соқты. Бактиер құрама тарихындағы ең үздік сұрмерген Руслан Балтиевті қуып жету үшін 4 гол соғу керек.

Қазақстан құрамасының тарихтағы үздік сұрмергендер:

1. Руслан Балтиев – 13 гол (73 матч);2. Виктор Зубарев – 12 (18);3. Бактиер Зайнутдинов – 9 (19);4-5. Дмитрий Бяков – 8 (33);4-5. Сергей Хижниченко – 8 (52);6. Нұрбол Жұмасқалиев – 7 (58).