Бүгін елордадағы «Алау» ату клубында пневматикалық қарумен нысана көздеуден Қазақстан біріншілігі басталды.

Чемпионатқа Қазақстанның барлық аймақтарынан жүзден аса спортшы қатысуда.

Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты, біріншілік көрермендердің қатысуынсыз өтіп жатыр.

Чемпионат 23 қарашаға дейін жалғасады.