Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген Тәжікстанға қарсы өткен жолдастық кездесу туралы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz

Елордада өткен ойында алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті.

– Бұл ойынға көңіліміз толмайды. Біріншіден, жанкүйерлерден Франциямен болған матч үшін және бүгінгі ойын үшін кешірім сұраймын. Қателіктерді талдаймыз. Чемпионат аяқталған соң, жігіттердің бәрі шаршады. Бұл ойын нәтижелеріне әсер етті деп ойлаймын. Нәтижеге көңіліміз толмайды. Бірақ қарсыласты да құрметтеуіміз керек, оларда жақсы ойыншылар өте көп. Енді жаңа күшпен келесі жылға дайындаламыз, - деді Тағыберген.