Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-17) ЕУРО-2022 іріктеу кезеңінде Уэльс құрамасымен тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 1:1 есебімен аяқталды.

17 жасқа дейінгі Еуропа чемпионаты дәстүрлі формула бойынша өтеді. Бірінші іріктеу кезеңінде 13 топқа бөлінген 52 ұлттық құрама өнер көрсетеді. Әр топтағы үздік екі команда және үшінші орын алған төрт үздік команда (топтағы үздік екі командаға қарсы нәтижелер негізінде) элиталық раундқа жолдама алады.

Элиталық раунд 2022 жылдың көктемінде өтеді. Рейтингтің алғашқы екі құрамасы – Нидерланды мен Испания бұл кезеңге автоматты жолдама алды.

Финалдық кезең 16 мамыр мен 1 маусым аралығында Израильде өтеді.