«Мақтаарал» бапкері Константин Горовенко 2021 жылғы маусымда Бірінші лиганың үздік бапкері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚКФЛ сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2021 жылғы маусым қорытындысы бойынша Бірінші лиганың үздік бас бапкері мен ойыншысын анықтау мақсатымен сауалнама өткізді. Сауалнамағалигаға қатысушы командалардың бас бапкерлері, капитандары және жетекшілері қатысты. Респонденттерге әр номинация бойынша маусымның үздік үш есімі ұсынылды.

Сауалнама қорытындысы бойынша «Мақтаарал» командасының 44-жасар бас бапкері Константин Горовенко Бірінші лиганың 2021 жылғы маусымында үздік бапкер болып танылды.Константин Александрович өзінің командасымен OLIMPBET-Қазақстан Кубогының негізгі кезеңінде Бірінші лиганың жалғыз өкілі болды. Жарыс барысында «Мақтаарал» соңғы турға дейін келесі кезеңге өтуге мүмкіндікті жібермеді, бірақ топтық кезеңнің соңғы турларында «Тобыл» мен «Таразға» есе жіберіп, төрт команданың арасында үшінші орынды иеленді. Алайда, топтық кезеңде олар 9 ұпай жинап (2 жеңіс және 3 рет тең ойнады), тамаша нәтижеге қол жеткізді.«Мақтаарал» Бірінші лигада өткен маусымда қойылған басты мақсатты орындады – олар жоғарғы лигаға өтетін орынды иеленіп, 2022 жылы OLIMPBET-Қазақстан Чемпионатына қатысуға құқылы болды.Сауалнама қорытындысы бойынша екінші орында Марат Еслямов. Марат Жолдасұлы «Ақсу» командасымен бірге маусымның 22 ойынында 15 рет жеңіске жетті.Үздік үштікті Кирилл Морунов тұйықтады. 31-жасар маман «Қайрат» клубының жастар командасымен Бірінші лигада бесінші орында тұрақтады.