Бүгін елордалық «Барыс» ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында сырт айдында «Сочиге» қарсы ойын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
27 ойыннан кейін 24 ұпай жинаған «Барыс» Шығыс конференциясында 10-орынға табан тіреді. «Сочи» 28 кездесу өткізіп, 22 ұпаймен 11-орында тұр.
Кейінгі матчта «Барыс» челябинскілік «Трактордан» 4:5 есебімен жеңілсе, «Сочи» сырт айдында «Торпедоға» (1:5) жол берген болатын.
«Барыс» - «Сочи» матчының тікелей трансляциясы елорда уақытымен 22:20-да басталып, Qazsport телеарнасында көрсетіледі.
фото: «Барыс» ХК баспасөз қызметінен.
Комментарии