Қазақстандық файтер Сергей Морозов бразилиялық Дуглас Сильва де Андрадеге қарсы жекпе-жекке дайындалып жатыр. Бұл кездесу келесі жылы ақпанда UFC 271 турнирінде өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Инстаграмда Морозов American Top Team лагеріндегі жаттығуының видеосын жариялады. Қазақстандық спортшы залдағы әріптестеріне «өте жақсы» деген сөздің мағынасын түсіндіруге тырысады.