Бүгін «Барыс» Сочи – Мәскеу – Череповец бағыты бойынша кезекті сырт алаңдағы ойындар сериясына аттанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

16 қарашада елордалықтар «Сочимен», 18 қарашада «Спартакпен», 20 қарашада «Северстальмен» кездеседі.

«Барыс» аталған кездесулерге қатысатын ойыншылар тізімін жариялады.

Қақпашылар: Никита Бояркин, Йони Ортио, Андрей Шутов.Қорғаушылар: Олле Альсинг, Самат Данияр, Даррен Диц, Эрик Мартинссон, Джо Морроу, Валерий Орехов, Роман Савченко, Егор Шалапов.Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Якоб Берглунд, Кертис Волк, Линден Вей, Дмитрий Гурков, Коди Куник, Дінмұхамед Қайыржан, Якоб Лилья, Никита Михайлис, Егор Петухов, Кирилл Савицкий, Антон Сагадеев, Роман Старченко, Мэттью Фрэттин, Аңсар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков, Томаш Юрчо.