АТР жекелей және жұптық сындағы спортшылардың жаңартылған рейтингін ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші орында Сербия өкілі Новак Джокович, екінші орында-ресейлік Даниил Медведев. Үздік үштікті Германия өкілі Александр Зверев тұйықтады.

Қазақстандық Михаил Бублик бұрынғысынша 36-орында. Дмитрий Попко екі сатыға төмендеп, 172-орынға тұрақтады. Михаил Кукушкин бес сатыға көтеріліп, қазір 182-орынға жайғасты.

Хорватиялық Мате Павич жұптық кестеде бірінші орынға шықты. Екінші орында оның отандасы Никола Мектич. Үшінші болып британдық Джо Солсбери қалды.

Қазақстандықтар арасында Андрей Голубев көш бастап тұр. Ол әлі де 25-орында тұр, Бублик 47-орыннан 48-орынға төмендеді, Александр Недовесов бір сатыға көтерілді (71-орын), Кукушин 127-орында қалды.