Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (24-0, 17 КО) келесі жекпе-жегін 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда өткізеді.

Елордада өтетін бокс кешінде Жанқош Тұраров шаршы алаңға шығады. Әзірге қарсыласы белгісіз.

Бұл кеште одан бөлек Данияр Елеусінов, Иван Дычко, Ержан Зәлілов пен Ескендір Харсан жекпе-жек өткізеді.

Жанқош Тұраров шілдеде Солтүстік Ирландиянда британиялық Тайрон Маккеннамен (21-2-1, 6 КО) жұдырықтасуы қажет еді. Алайда жекпе-жек өтпей қалды.

Жаңқош кейінгі жекпе-жегін 2019 жылы 6 шілдеде өкізді. Сол күні кешке ол Нұр-Сұлтанда үшінші раундта аргентиналық Мауро Максимилиано Годойды (34-6-1, 17 КО) нокаутқа түсірді. Бұл жеңіс Жанқошқа WBO құрлықаралық чемпионы атағын әкелді.