Бүгін, 13 қарашада Алматыда керлингтен Қазақстан мен Оңтүстік Корея құрамалары арасында Азия-Тынық мұхиты чемпионатының жартылай финалдық ойыны өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ұлттық құрама қарсыласынан 2:10 есебімен ұтылып, чемпионаттың финалына шыға алмады. Осылайша, Қазақстан құрамасы тұңғыш рет қола жүлдеге қол жеткізді.

Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы алғаш рет 2022 жылғы әлем чемпионатының әлемдік іріктеуіне өтті.