Баскетболдан Қазақстан қыздар құрамасы «В» дивизионындағы командалар арасындағы Азия кубогының финалына жолдама ала алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жерлестеріміз жартылай финалда Иордания баскетболшыларына есе жіберді. Қорытыгды есеп – 61:56.

Қазақстан құрамасы енді үшінші орын үшін матчқа қатысады. Бірінші жартылай финалдық кездесуде Ливан құрамасынан ұтылып қалған Индонезиямен кездеседі.

Үшінші орын үшін Индонезияға қарсы ойын 13 қарашада елорда уақытымен 21:00-де басталады