Биыл каталониялық «Барселонаның» сапына қосылған Серхио Агуэро мансабын аяқтауы мүмкін. Бұл туралы Catalunya Radio хабарлады.

Дәрігерлер медициналық тексерістен соң футболшының өміріне қауіпті дерті бар екенін анықтаған. Сол себепті Агуэроға спортпен шұғылдануға тыйым салған.

Айта кетейік, Агуэро «Барселона» сапына биыл көктемде ауысқан. Оның келісімшарты екі жылға жасалған.