1-12 қараша аралығында Әбу-Даби қаласында Fighting, NE-waza, Duo System секциясында джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтті. Алматы облысының спортшылары аталған чемпионатқа джиу - джитсудан Қазақстан ұлттық құрамасы сапында қатысып, үш алтын, бес күміс және сегіз қола медаль жеңіп алып, ұлттық құраманың қоржынын толықтырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан жалпыкомандалық үшінші орынды иеленді. Аталған чемпионатқа 65 ел және 1500-ден астам спортшы қатысты.

U18 Кахерман Бахтияр 1-орын.U14 Жібек Кұлымбетова 1-орын.U16 Госс Тимур 42 кг. 1- орын. Ne-Waza.U21 Байғожа Айнур 70 кг. 2-орын. Fighting System.U21 Мағаз Серікжан 94 кг. 2-орын. Fighting System.U16 Жұмаш Дарина 57 кг. 2-орын. Ne-Waza.U21 Нұртілеу Айым 63 кг. 3-орын. Ne-Waza.U16 Кенжебай Дарын 46 кг. 3-орын. Ne-Waza.U16 Талғатқызы Данагул + 63 кг. 3-орын. Ne-Waza.U18 Диас Анвар 2-орын.U21 Рычков Максим 3-орын.Абдужелилов Мехришат 3-орын.U18 Сыдыков Анаят 3-орын.U18 Есмұрат Мақсат 2-орын.U21 Ринат Горбачев 3-орын.U21 Сәрсенұлы Самат 3-орын.